Ресей үкіметі мигранттарды орыс тілі емтиханынан кейін ғана жұмысқа орналастыруды ұсынды

Ресей еңбек министрлігі Ресей азаматтарымен қарым-қатынас жасауды талап ететін жұмыстарға орыс тілін білмейтін шетел жұмысшыларын жалдауға тыйым салатын заң жобасын әзірледі. Мәселе атап айтқанда, жүргізушілер мен сатушылар, медицина қызметкерлері жөнінде болып отыр деп жазды ведомствоның баспасөз қызметіне сүйенген ТАСС агенттігі.

Агенттіктің жазуынша, мәселе Ресеймен визалық режим орнатқан Қытай, Үндістан, Түркия және өзге де елдерден келетін мигранттар жөнінде болып отыр.

Ресейдегі мигранттардың едәуір бөлігі Орталық Азия елдерінен келген, бұл елдермен визасыз режим орнаған. Десе де, бұл елдердің азаматтарында да жұмыс істеу патентіне ие болу үшін өзге құжаттармен қатар орыс тілі емтиханының сертификаты болуы керек.

Ал алдағы уақытта еңбек министрлігі қайтадан орыс тілін міндеттейін деп отырған мигранттарға келсек, олар визалық режим орнаған елдерден квотамен келеді. Квота жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес рәсімделеді.

Биыл шілде соңында мемлекеттік дума осындай мигранттарды тіл емтиханынан босататын заң жобасын қабылдаған. Бірақ құжатты спикер Вячеслав Володин сынап, "халықпен қарым-қатынас жасауға тиіс жүргізуші, сатушы сияқты мамандық иелері тіл білуі керек қой" деген. Аталған заң жобасы осы мәлімдемеге орай әзірленген. Дума оны күзгі сессияда қарайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Санкт-Петербург билігі мигранттарға жалға алынған көлікпен жұмыс істеуге тыйым салды"Ақшаға қарық қыламыз". Қырғызстан тұрғындарын Ресейдегі есірткі бизнесіне қалай алдап тартады?"Үйіме қайтқым келеді..." Орталық Азия ұлты өкіліне жататын 50-ден аса адам Украинада соғыс тұтқыны болып отыр"Қиындап кетті". Орталық Азия мигранттарын Ресейге барудан тежейтін үрей мен белгісіздікРесей түрмедегі орталықазиялық мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп салып жатыр