Көкшетауда Жыланбаевтың видеосын талап еткен белсенді қамалды

Көкшетау әкімшілік соты “полиция талабына бағынбады” деп айыпталған азаматтық белсенді Назгүл Жүсіпованы 10 күнге қамады.

Сот қаулысында белсендінің 28 шілдеде Ақмола облыстық полиция департаменті ғимаратында полиция қызметкерінің “намысына тиетін сөз айтып”, “өзін дөрекі ұстағаны” жазылған.

Сотта белсенді тағылған айыптармен келіспеген.

Назгүл Жүсіпова – түрмедегі Марат Жыланбаевтың видеосын талап еткен екі көкшетаулық белсендінің бірі. Өткен аптада Жыланбаевты видеодан көрген белсенділер оны танымай қалғанын, оның құр сүлдері қалғанын айтып, шошығанын жеткізген.

Құқық қорғаушылар мен белсенділердің дабылынан кейін желіде Жыланбаевтың қырынан және арқасынан қарап тұрған суреттері жарияланды. Кейбір қолданушылар қырынан және арқасынан түсірілген суреттерден адамның жағдайын бағалау мүмкін емес екенін айтып, Жыланбаевтың видеосын жариялауды және оған тәуелсіз құқық қорғаушыларды кіргізуді талап еткен.

Жыланбаевтың денсаулығына байланысты дабыл қаққан құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаны 31 шілдеде Алматы соты “жалған ақпарат тарату” бабы бойынша кінәлі деп танып, 78 мың теңге айыппұл салды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жыланбаевтың денсаулығы туралы жазба жариялаған құқық қорғаушыға айыппұл салындыМарат Жыланбаев жайлы қоғам өкілдерінің дабылы омбудсменге "хайп" болып көріндіҚолданушылар Жыланбаевтың видеосын жариялауды, тәуелсіз құқық қорғаушыларды кіргізуді талап етті "Спортпен шұғылданады, кітап оқиды". Жыланбаевтың жаңа суреттері жарияланды«Бәріне төземін». Жыланбаев түрмеден хат жазды